Анклав
From Wikipedia, the free encyclopedia
Анклав (фр. enclave; лат. inclavatus — «құлыптау») — барлық жағынан басқа мемлекеттің немесе мемлекеттердің аумағының қоршауында қалған мемлекет территориясының бір бөлігі. Мысалы, Сан-Марино мемлекетін Италия, Лесотоны Оңтүcтік Африка Республикасы, сондай-ақ Өзбекстанның Шахимардан және Сох қалаларын Қырғыз жері қоршап жатыр. Егер анклавтың теңізге шығар жолы болса, онда ол жартылай анклав деп аталады.[1]