Ауған желі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ауған желі – Әмудария өзенінің жоғарғы ағысында, оңт.-батыстан соғатын мұнарлы әрі құрғақ ыстық жел. Ол Тұран ойпатына оңт.-батыстан келетін ыстық ауа массасы мен Гиссар жотасының солт.-батысынан келетін суық ауа шебінің қосылуы нәтижесінде пайда болатын аэродинамик. үдеудің әсерінен қалыптасады. Желдің жылд. 17 – 25 м/с-қа жетеді. Жел топырақтың беткі құнарлы қабатын суырып әкетеді де ауадағы шаң-тозаңды көбейтеді. Соның салдарынан егістік алқаптары бүлінеді және ауаның ылғалдылығы төмендеп, өсімдіктерді қуратып жібереді. А. ж. Қазақстанның оңт. облыстарында жиі байқалады.
Ауған желі - Ауғанстаннан Батыc Памир мен Әмударияның жоғары ағыстарына оңтүстік-батыстан немесе оңтүстіктен соғатын жергілікті құрғақ күшті жел. Оның соғуы Термезде 70 күнге дейін байқалады, Әмудария, Сырдария, Вахш өзендерінің аңғарларымен төмен карай бойлай соғады (кейде үздіксіз 2 тәулік соғады). Оның лебі жиі-жиі Алай аңғары мен Синьцзян жазығына дейін жетеді.[1]