Ағылшын-Бур соғысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ағылшын-Бур соғысы (1899 — 1902 жылдары) Ұлыбритания мен Оңтүстік Африка бур республикалары (Трансвааль және Азат Оранж мемлекеті) арасында саяси-экономикалық шиеленістер негізінде орын алды.
Оның басталуына Трансвааль президенті П.Крюгердің шетелдіктерге, әсіресе, онда тұрып жатқан ағылшындарға сайлау құқығын беруден бас тартуы түрткі болды. Бірақ соғыстың басты себептері ағылшындардың Кейптауннан Каирге дейінгі ұлан байтақ жерде отарлық империя құрып, Оңтүстік Африканың алтыны мен алмазын өз қолдарына алуға тырысушылығы болды. Алғашқы кезде бурлар ағылшын әскерлеріне табанды қарсылық көрсетіп, бірқатар ұрыстарда жеңіске жетті. Бірақ 1890 жылы көктемде күші басым Англия қарсы шабуылға шығып, маусым айының аяғында бур әскерін талқандады. Осыдан кейін ағылшындарға қарсы партизандық соғыс өріс алды. Ағылшындар қатаң жазалау шараларын қолданып, әйелдер мен балаларды арнайы құрылған лагерьлерде ұстады. Ақырында соғыс Ұлыбритания мен бур республикалары арасында 1902 жылы 31 мамырда Веринингте қол қойылған бітіммен аяқталды Бур республикалары Британ отарына айналды.