Байшегір
From Wikipedia, the free encyclopedia
Байшегір — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, жалайыр тайпасынан таратылады. Әмір Темір тұсында Байшегір руы Сыр бойын мекендеп, 18 ғасырдың 1-жартысында Балқаш өңіріне келіп қоныстанған. Кейін Іле өзенінің оң жақ жағалауын, Қапал уезінің солтүстік-батысын, Қаратал өзенін жайлаған (қазіргі Алматы облысы Балқаш және Қаратал аудандары). Қыстаулары — Іле өзені мен Балқаш көленінің арасы. Олар мал шаруашылығы мен егіншілікті кәсіп еткен. Егінжайлары Іле бойындағы тоған жағалауларында орналасқан. Ұраны — Қабылан, Бақтияр, таңбасы — тарақ.[1]