![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/02/Juniperus_sabina_-_K%25C3%25B6hler%25E2%2580%2593s_Medizinal-Pflanzen-212.jpg/640px-Juniperus_sabina_-_K%25C3%25B6hler%25E2%2580%2593s_Medizinal-Pflanzen-212.jpg&w=640&q=50)
Балғын арша
From Wikipedia, the free encyclopedia
Балғын арша, Түркістан аршасы (Junіperus turkestanіca) — арша туысына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық бұта. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле, Теріскей Алатауларының, Кетпен жотасының, Батыс Тянь-Шаньнің альпілік, субальпілік белдеулерінде өседі. Биіктігі 1—2 м. Ағаш түріндегісі (биіктігі 6 — 18 м) сирек кездеседі. Жатаған сабағының сұрғылт, қызыл қоңыр қабығы қабыршақтанып түлеп түседі. Тік өсетін бұтақтары жіңішке, көп тармақты, сыртын қарама-қарсы орналасқан ұсақ жасыл жапырақтары жауып тұрады. Жапырағының ұзындығы 2 мм-ге дейін, сопақша, ұшы сүйір келеді, өркенімен кірігіп жетіледі. Бүр жемісінің диаметрі 9—15 мм, сопақ не домалақ пішінді, жылтыр, қара түсті болады. Шілде — тамыз айларында піседі. Етті, тәтті, шырынды жемісінің құрамында эфир майы болғандықтан емге пайдаланылады. Балғын аршаның қар тоқтатудағы, топырақтағы ылғалды сақтаудағы маңызы зор. Ежелден қазақ Балғын аршаны қымыз сабасын ыстауға қолданған.[1]
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/02/Juniperus_sabina_-_K%C3%B6hler%E2%80%93s_Medizinal-Pflanzen-212.jpg/320px-Juniperus_sabina_-_K%C3%B6hler%E2%80%93s_Medizinal-Pflanzen-212.jpg)