Барак Обама
From Wikipedia, the free encyclopedia
Екінші Барак Хуссейн Обама (ағылш. Barack Hussein Obama II; 4 тамыз 1961 жыл, Гонолулу) — америкалық саясаткер, Америка Құрама Штаттарының 44-президенті (2009–2017), Иллинойс штатынан сайланған сенатор (2005–2008).
Барак Обама Barack Obama | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
20 қаңтар 2009 — 20 қаңтар 2017 | ||||
Ізашары | Джордж Буш-кіші | |||
Ізбасары | Дональд Трамп | |||
| ||||
4 қаңтар 2005 — 16 қазан 2008 | ||||
Ізашары | Питер Фицджералд | |||
Ізбасары | Роланд Бёррис | |||
| ||||
8 қаңтар 1997 — 4 қазан 2004 | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Демократиялық партия | |||
Білімі | 1) Колумбия университеті 2) Гарвард университеті | |||
Діні | протестантизм | |||
Дүниеге келуі | 4 тамыз 1961 (1961-08-04) (62 жас) Гонолулу, Гавайи, Америка Құрама Штаттары | |||
Әкесі | Барак Хуссейн Обама (1936—1982) | |||
Анасы | Стэнли Энн Данхэм (1942—1995) | |||
Жұбайы | Мишель Обама (1992 үйленген, 1964 туған) | |||
Балалары | қыздары: Малия Энн (1998 туған) Наташа («Саша») (2001 туған) | |||
Қолтаңбасы | ||||
Марапаттары | Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы (2009) | |||
өңдеу |
2008 жылы өткен президент сайлауында Демократиялық партияның атынан кандидат атанып, сайлау қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, АҚШ-тың тұңғыш афроамерикалық президенті болды.
2012 жылы 6 қарашада өткен президенттік сайлауда Республикалық партияның кандидаты Митт Ромниден басым түсті.[1]
Обама Колумбия университетін және Гарвардтағы Заң мектебін бітірген. Колумбия университетінде халықаралық істер факультетін тамамдап, алдымен шіркеу жанындағы топпен бірге кедей аудандардың тұрғындарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. ВВС деректеріне қарағанда, Обама әкесі мен өгей әкесі мұсылман болғанына қарамастан, христиан дінін ұстанады. Гарвард университетінің заң мектебін бітіріп, заң ғылымдарының докторы атағын алғаннан кейін де ол кемсітушілікке ұшырағандардың құқығын қорғауға құлшына кіріседі. Азаматтық құқық саласында жұмыс істеді. 1997 мен 2004 жылдары арасында Илиинойс штатының сенатында үш мерзім қызмет етті. 1992 мен 2004 жылдары арасында Чикаго Заң мектебінде конституциялық құқық бойынша дәріс оқыған. 2004 жылы қарашаның айында 70 пайыз дауысымен ол Сенатқа сайланды.