Дональд Трамп
Американдық бизнесмен және саясаткер. АҚШ тың 45-президенті (2017 бастап) / From Wikipedia, the free encyclopedia
Дональд Джон Трамп (ағылш. Donald John Trump; 14 маусым 1946 жылы, Нью-Йорк) — америкалық мемлекет қайраткері, саясаткер және кәсіпкер, Америка Құрама Штаттарының 45-президенті. АҚШ теле-радио саласында атақты тұлға, жазушы. Сонымен қатар АҚШ-тағы ірі құрылыс Trump Organization компаниясының президенті және әлем бойынша казино мен қонақүйлері бар Trump Entertainment Resorts компаниясының негізін қалаушы. Трамп әдеттегіден тыс өмір сүру стилімен және ашық сөйлеу мәнерімен аса танымал, сонымен қатар өзі продюсер және жүргізуші «Кандидат» реалити шоу да оның танымалдылығына әсер етті.[3][4]
Дональд Джон Трамп ағылш. Donald John Trump | |||||||
Ресми портреті, 2017 | |||||||
Лауазымы | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
20 қаңтар 2017 — 20 қаңтар 2021 | |||||||
Вице-президент | Майк Пенс | ||||||
Ізашары | Барак Обама | ||||||
Ізбасары | Джо Байден | ||||||
Өмірбаяны | |||||||
Партиясы | Республикалық партия (1987—1999; 2009—2011; 2012 бері)[1] Реформа партиясы (ағыл.)қаз. (1999—2001) Демократиялық партия (2001—2009)[2] Партиясыз (2011—2012) | ||||||
Білімі | Пенсильвания университеті | ||||||
Діні | пресвитериандық | ||||||
Дүниеге келуі | 14 маусым 1946 (1946-06-14) (77 жас) Куинс, Нью-Йорк, Нью-Йорк, Америка Құрама Штаттары | ||||||
Әкесі | Фред Трамп | ||||||
Жұбайы | Ивана Трамп (1977—1992) Марла Мейплз (1993—1999) Меланья Трамп (2005 бастап) | ||||||
Балалары | Доналд Трамп кіші (1977 туған) Иванка Трамп (1981 туған) Эрик Трамп (1984 туған) Тиффани Трамп (1993 туған) Бэррон Трамп (2006 туған) | ||||||
Сайты | donaldjtrump.com | ||||||
Қолтаңбасы | |||||||
Марапаттары | |||||||
Дональд Джон Трамп Ортаққорда | |||||||
өңдеу |
2010 жылдың қыркүйегінде Дональд Трамп 2012 жылғы АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысу мүмкіндігін «байыпты ойланып» жүргенін мәлімдеді. 2008 жылғы сайлауда ол Республикалық партиядан үміткер Джон Маккейн үшін қолдау білдірді, ол өз кезегінде демократ Барак Обамаға жеңіліп қалды[5]. 2015 жылғы 16 маусымда Доналд Трамп 2016 жылы президент лауазымы үшін күреске қатысатынын жариялады.[6]