Батик
From Wikipedia, the free encyclopedia
Батик (малайяша - batɪk) - айшықтау әдісі және нақышталып, безендірілген алуан түсті мата. Бұл әдіс бойынша бояу сіңбейтін құрамдас заттармен ( «ыстық батикті» қолданғанда қыздырылған балауыз, «суық батикті» қолданғанда резина желім) матаға әр алуан айшықты кескіндер, нақыш-өрнектер салады, одан кейін матаны бояйды. Қосымша түс, рең беру үшін жапсырылған балауыз ара-тұра аланып тасталады да, мата еселеніп қайта боялады.
Индонезия, Үндістан т.б. халықтары ыстық батикті ертеден білген. Индонезиялық батиктің негізгі түс-реңі көгілдір және қоңырқай болып келеді. Дәстүрлі нақыш-өрнек, айшықтар әр алуан әрі белгілі бір мағынаны білдіреді. Еуропада батикті сәнді маталарға 20 ғ. басында қолдана бастады [1].