Бессемер процесі [ағылшын өнертапқышы Генри Бессемер (1813—1898) ұсынған], шойынды бессемерлеу — болат қорыту процесі, конвертерлік процестің бір түрі. Бессемер процесі отқа төзімді, қышқыл құрамды қаптамасы бар конвертердегі сұйық шойынға конвертер түбінен ауа (кейде оттекпен байытылған ауа) үрлеу арқылы жүзеге асырылады. Ауа үрлеу нәтижесінде сұйық шойынның құрамындағы қоспалар (кремний, марганец, көміртек) тотыға отырып, сұйық шойыннан бөлініп шығады. Сондай-ақ, бұл кезде металдың сұйық күйін сақтауға жеткілікті мөлшерде едәуір жылу бөлінеді. Бессемер процесінің температурасы үрлеу мөлшерін өзгерту не конвертердегі металға қоспа қосу арқылы реттеледі. Оттекті-конвертерлік процестің дамуына байланысты Бессемер процесі өзінің бұрынғы маңызын жойды.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бессемер конвертерінің схемасы


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.