Бетатрон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бетатрон — циклді электрон үдеткіш. Мұнда электронды үдете қозғалту айнымалы магнит өрісінің әсерінен индукцияланған құйынды электр өрісі арқылы жүзеге асырылады.[1] 1922 ж. Дж. Слепян құйынды магниттік өрісті пайдаланатын үдеткішке патент алған. Алғашқы іс жүзінде қолданылатын бетатронды 1940 ж. американ физигі Дональд Керст (1911 – ?) ойлап тапқан.