From Wikipedia, the free encyclopedia
Бытыра – әр түрлі диаметрдегі домалақ қорғасын не шойын оқ. Қорғасынға аздап сүрме (сурьма) және тотияйын (мышьяк) құйып жасайды. Бытыраның көлемдері барлық елдерде бірдей болғанымен, әр елде әр түрлі белгіленеді. ТМД елдерінде ол 12-ден (диам. 1,25 мм) — 0000-ге дейін (диаметр 5 мм) дейін нөмірленеді. Қатарлас 2 нөмірдің (санның) айырмашылығы — 0,25 мм. Диаметр 5 мм-ден асқан Бытыраны “картечь” деп атайды. Бытыра құю қондырғыларда не арнайы қалыптарда штамптау әдісімен жүзеге асырылады. Бытыра әр түрлі калибрлі мылтықтарға арналған патрондарға дәріден кейін салынады. Кейде аңшылар өздері де қолдан құйып жасай береді. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.