Сүрме

Атомдық нөмірі 51 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia

Сүрме
Remove ads

Сүрме (лат. Stіbіum; Sb) — элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 51, атомдық массасы 121,75. Шығыс елдерінде бұдан 3000 жыл бұрын ыдыс жасауда қолданылды.

Quick facts Жай заттың сыртқы бейнесі, Атом қасиеті ...
Thumb
Сүрме Sb

Мысырда б.з.б. XIX ғасырда сүрме жылтырының ұнтағын әйелдер қасын бояуға пайдаланған. Сүрменің алу жолын және қасиеттерін алғаш сипаттап жазған алхимик В.Валентин (1604) болды. 1789 ж. Антуан Лавуазье сүрмені “antіmoіne” деген атпен химиялық элементтер тізіміне енгізді.

Remove ads

Табиғатта

Табиғатта тұрақты 2 изотопы 121Sb (57,25%), 123Sb (42,75%) бар. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 10–5%. 27 минералының ішіндегі ең негізгілері: антимонит, бертьерит, лингвистонит т.б.


Физикалық қасиеттері

Сүрменің үш аморфты және кристалды түрі бар. Ең тұрақтысы кристалды сүрме, басқалары төменгі температурада қалыпты сүрмеге айналады. Қалыпты сүрменің кристалдық торы гексагоналды, күмістей ақ метал; тығыздығы 6,61 – 6,73 г/см3, балқу t 630,5 оС, қайнау t 1635 – 1645 оС. Сүрменің басқа металдарға қарағанда айырмашылығы ол қатайған кезде көлемі ұлғаяды[1].

Химиялық қасиеттері

Тотығу дәрежелері –3, +3, +5, химиялық активтігі нашар. Ауада тотықпайды, температура 630 оС-тан жоғарылағанда жанып, Sb2O3 түзеді. Фтордан басқа галогендермен тікелей, күшән, күкірт, фосформен балқытқанда әрекеттеседі. Сұйытылған минералды қышқылдар мен суға тұрақты. Қыздырғанда концентрлі HCl, H2SO4, HNO3-терде еріп, ерігіштігі төмен тұздар-антимонаттар түзеді. Сүрме металдармен қосылып, антимонидтер береді.


Алынуы

Сүрмені сульфидті кентастарды күйдіргеннен қалған өнімдерді немесе тотыққан кентастарды тотықсыздандыру арқылы алады.

Қолдануы

Сүрменің бас пайдаланушысы полиграфия өндірісі (Sb қосылған қорытпа қатайған кезде ұлғайып, ұяқалыптың бөлшектерінің көшірмесін нақтылы қалыптастырады). Сүрменің қорғасын, қалайы, мыспен құймалары өнеркәсіпте, таза сүрме және антимониттері жартылай өткізгіш ретінде қолданылады. Сондай-ақ бұл элемент мойынтіректі қорытпаларда (баббиттерде) пайдаланылады[2].

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads