Вернер Гейзенберг
From Wikipedia, the free encyclopedia
Вернер Карл Гейзенберг, нем. Werner Karl Heisenberg (5.12.1901[1], Вюрцбург — 1976, Мюнхен) — неміс физигі, кванттық механиканың негізін салушылардың бірі. Мюнхен (1923) және Геттинген (1924) университеттерін бітірген. 1927 — 1941 ж. Лейпциг университетінің профессоры, 1941 — 1945 ж. Кайзер Вильгельмнің Физика институтының директоры және Берлин университетінің профессоры, 1946 — 1958 ж. Физика институтының директоры және Геттинген университетінің профессоры болды. Ал 1958 жылдан Физика және астрофизика институтының директоры және Мюнхен университетінің профессоры.
Оның ғылыми-зерттеу еңбектері кванттық механикаға, кванттық электрдинамикасына, өрістің релятивистік кванттық теориясына, ядро теориясына, магниттік құбылыстарға, ғарыштық сәулелер физикасына, элементар бөлшектер теориясына, жаратылыстану ғылымының философиясына арналған. Гейзенберг 1925 ж. Н. Бормен бірге кванттық механиканың алғашқы нұсқасы — матрицалық механика теориясын жасады. 1927 ж. микробөлшектің импульсі мен координаты арасындағы байланысты өрнектейтін — анықталмағандық принципін ашты. Ол ферромагниттік теориясын, сондай-ақ, алмаспалы өзара әсер теориясын жетілдірді. Гейзенберг — атом ядросының моделіне, өрістің квантталу сұлбасына арналған бірқатар еңбектердің авторы. Нобель сыйлығының лауреаты (1932)[2].