Вестминстер жүйесі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Вестминстер жүйесі — Ұлыбританияның мемлекет моделі қағидаттарында құрылған мемлекеттік басқарудың демократиялық парламенттік жүйесі. Вестминстер жүйесі өз атауын Ұлыбритания парламентінің отырыстары өтетін Вестминстер сарайының құрметіне аталды. Вестминстер жүйесі Ұлттар достастығы мемлекеттеріне тән. XIX ғасырдың ортасында Ұлыбританияның Канада провинциялары және Австралия колониялары алғашқы болып қолданыла бастады.
Вестмнстер жүйесіне келесі ерекшеліктер тән:
- Салтанатты және өкілдіктік міндеттерін ғана атқара алатын мемлекет басшысының бар болуы;
- Мемлекет басшысымен тағайындалатын және әдеттегідей, Парламенттегі орындардың басым бөлігіне ие саяси партиялардың басшысы болып табылатын үкімет басшысының бар болуы;
- Әдеттегідей, үкімет басшысымен басқарылатын кабинет түрінде атқарушы билік махенизмдерінің бар болуы;
- Елдегі парламенттік оппозицияның және көппартиялы жүйенің бар болуы;
- Бикамерализмнің (екі палаталы парламент) бар болуы және уникамерализмнің жұмысына рұқсат ету;
- Парламенттің үкіметке деген сенімсіздігін білдіру мүмкіндігі;
- Парламентті тарату және кезектен тыс сайлауды хабарлау мүмкіндігі.