From Wikipedia, the free encyclopedia
Виктория Доун Джастис (ағылш. Victoria Dawn Justice) — америкалық актриса, әнші, модель. 1993 жылы 19 ақпанда Флоридада Сирена мен Зак Джастистардың жан-ұяларында дүниеге келеді. Викторияның қанында ирландық, фрацуздық және ағылшындық қан кездеседі. Сегіз жасқа толғанда өзінің өмірін өнер әлемімен байланыстыратынын ата-анасына хабарлаған болатын. Өзінің өнер жолын модель бизнес жолынан бастаған. Қысқаша жарнамаларда түскен («Ralph Lauren», «Gap and Guess» «Toast Crunch» и «Ovaltine»). Викторияның Мэдисон 1996 атты сіңлісі бар. Викторияның жан-ұясы Калифорнияға 2003 жылы көшіп келген. 2005 жылы Виктория тыңдаудан өтіп Лос Анжелестегі өнер мектебіне оқуға түсті.
Алғаш рет Виктория «Девочки Гилмор», «Всё тип-топ, или жизнь Зака и Коди», «Любовь вдовца» атты фильмдерде эпизодта 10 жасынан ойнаған болатын. Викторияның атағын шығарған фильмдер «Виктория - победительница», АйКарли», «Зоуи 101» және тағы басқалары. Ол түскен фильмдерді көбінесе Nickelodeon каналынан көрсетеді.
Викторияны өмірде атақты актриса Нина Добревпен шатастырады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.