Виктория көлі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Виктория (ағылш. Lake Victoria, Victoria Nyanza, суах. Ziwa Victoria, Viktoria Nyanza, Ziwa Nyanza) — Шығыс Африкадағы көл. Танзания, Кения және Уганда мемлекеттерінің аймақтарында орналасқан. Теңіз деңгейінен 1134 м биіктікте Шығыс Африка платформасының тектоникалық бүгілген тұсында орналасқан. Бұл көл ауданы бойынша Африкадағы ең ірі көл және Жоғарғы Көлден кейін әлемдегі көлемі жөнінен екінші тұщы көл.[1][2]. Виктория тропиктік көлдер арасында аса танымал.
Басқа мағыналар үшін Виктория деген бетті қараңыз.
Көлді 1858 жылы британ саяхатшысы Джон Хеннинг Спик ашқан және Ұлыбритания королевасы Викторияның құрметіне атаған болатын.