Герейлер (әулет)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Герейлер (қырымтат. Geraylar[3], كرايلر; жек. т. — Geray, كراى) — XV ғасырдың басынан бастап 1783 жылы Ресей империясына қосылғанға дейін Қырым мемлекетін басқарған хандар әулеті.
Герейлер қырымтат. Geraylar | |
Герейлердің таңбасы | |
Елі | Қырым хандығы |
---|---|
Негізін салушы үйі | Шыңғыс хан әулеті |
Титулдары |
|
Негізін салушысы | I Қажы Герей |
Соңғы билеушісі | Шаһин Герей |
Негізі салынған жыл | 1441 жылы |
Ыдырауы | |
өңдеу |
Әулеттің негізін қалаушы - ұзақ күрес нәтижесінде Қырымның Алтын Ордадан тәуелсіздігіне қол жеткізген Қырымның алғашқы ханы I Қажы Герей болды. Герейлер - Шыңғыс хан әулеті (Шыңғыс ханның ұрпақтары), Тоқатемірлердің бір тармағы. Олар Тоқтамыстың әкесі Түй Қожа оғланның інісі Жанақ оғланнан тарайды. Жанақ оғланның үлкен ұлы, Қазан хандар әулетінің негізін қалаушы Ұлық Мұхаммедтің әкесі Ішкіле Хасан оғлан.
Кейбір әулет өкілдері Қазан, Астрахан және Қасым хандықтарының тағын да иемденді.
I Дәулет Герей Иван Грозныйға қарсы соғыстарымен танымал. Қырым тағындағы соңғы Герей Шахин Герей болды, ол тақтан бас тарттып, Ресейге көшті, содан кейін Түркияға аттанды, онда жазаға тартылды. Герейлердің Шобан жанама тармағы болды, оның бірі - Әділ Герей - Қырым тағын иеленді.
Бүгінгі таңда өзін тақ мұрагері деп санайтын үміткерлердің бірі - Лондонда тұратын Жазар Памир Герей және Ресейде тұратын Ермек Дәулет Герей.