From Wikipedia, the free encyclopedia
Грекия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Грекияның намысын қорғап, осы мемлекеттің атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган — Грекия Футбол федерациясы.
Грекия | |||
Лақап аты |
«Эллиндер» | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация |
Грекия футбол федерациясы | ||
Бас бапкері | |||
Капитаны |
Василис Торосидис | ||
Ең көп ойын саны |
Георгиос Карагунис (139) | ||
Үздік бомбардир |
Никос Анастопулос (29) | ||
Үй стадионы |
Афины Олимпиада стадионы | ||
ФИФА рейтингі |
45 ▲ (+2) (15 ақпан 2018) | ||
ФИФА коды |
GRE | ||
Формасы | |||
| |||
2004 жылғы Еуропа Чемпиондары, УЕФА, ФИФА мүшесі.
Алғаш қатысқан ірі жарысы — 1980 жылғы Еуропа Чемпионаты. Арада 14 жыл өткен соң, 1994 жылы АҚШ-та өткен Футболдан Әлем Чемпионатына қатысты. Топтық турнирдегі үш ойында да жеңіліп, бір доп та соға алмай, сәтсіздікке ұшырады.
Келесі ірі жарысты 10 жыл күтті. 2004 жылы Португалияда өткен құрлықтық додада күтпеген жерде гректер алтын жүлдені иемденіп кетті. Олар Португалия, Ресей, Испаниямен бір топқа түсті. Әуелі, алаң иелерін 2:1 есебімен ұтты. Карагунис пен Басинастың голына 90-минутта тек Криштиану Роналду ғана қарымта қайыра алды. Келесі турда тағы бір пиренейлік құрама — испандармен ұпай бөлісті. 28 минутта есеп ашқан Морьентестің голына 57-минутта Харистеас жауап берді — 1:1. Соңғы турда Ресей құрамасынан 1:2 есебімен ұтылса да, келесі сатыға жолдама алды. Ширек финалда оларды Еуропаның сол кездегі чемпионы — Франция құрамасы күтіп алды. Зидан, Анри секілді жұлдыздары бар құрама гректерден өте алмады: 64 минутта құрама капитаны Теодорос Загоракистің асырған добын Ангелос Харистеас дәл соқты — 1:0 Жартылай финалда Чехиямен болған тартысты ойында тағы да Грекияның бағы жанды. 105-ші минутта Траянос Деллас баспен соғып, "күміс голдың" авторы атанды.
Финалда тағы да Португалия құрамасымен тоқайласты. 90 минут бойы португалдар басымдық танытса да, соңында гректер 1:0 есебімен жеңіске жетті де, Еуропа Чемпионы атанды. Голды 57-минутта тағы да Ангелос Харистеас соқты.
"Шынымды айтсам, біз 2:0 есебімен ұтуымыз керек еді. Қанағатсыздығым емес, гол соғатын мүмкіндіктерді толық пайдаланған жоқпыз" деген болатын сонда гректердің бапкері Отто Рехагель.
"Гол соғылған сәттен бастап қуанышым қойныма сыймай жүрді. Ойынның бітуіне жарты сағаттан астам уақыт бар болса да жеңіске жететінімізге сендім" дейді финалдағы жалғыз голдың авторы Ангелос Харистеас.
2008 жылғы Еуропа Чемпионатында құрама топтық кезеңнен өте алмады. 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен Әлем чемпионатына қатысып, үш ойыннан үш ұпай ғана алды. Бұл көрсеткіш 1/8 финалға шығуға аздық етті. Есесіне екінші ойында Нигерияны ұтып, әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты және алғашқы жеңісін тойлады.
2012 жылғы Еуропа Чемпионатына да қатысып, ширек финалда Германия құрамасына жол берді — 1:4.
Көп матч өткізгендер
Футболшы | Карьера | Матч | Гол | |
---|---|---|---|---|
1 | Йоргос Карагунис | 1999—2014 | 139 | 10 |
2 | Теодорос Загоракис | 1994—2007 | 120 | 1 |
3 | Константинос Кацуранис | 2003—2015 | 116 | 10 |
4 | Ангелос Басинас | 1999—2010 | 100 | 7 |
5 | Стратос Апостолакис | 1986—1998 | 96 | 5 |
6 | Антониос Никополидис | 1997—2008 | 90 | 0 |
7 | Ангелос Харистеас | 2001—2011 | 88 | 25 |
8 | Димитрис Салпингидис | 2005—2014 | 82 | 12 |
9 | Йоргос Самарас | 2006— | 81 | 9 |
10 | Димитрис Саравакос | 1982—1994 | 78 | 22 |
11 | Теофанис Гекас | 2005—2014 | 78 | 24 |
12 | Стелиос Яннакопулос | 1997—2009 | 77 | 12 |
13 | Тасос Митропулос | 1978—1994 | 77 | 8 |
14 | Никос Либеропулос | 1996—2012 | 76 | 13 |
15 | Василис Торосидис | 2007— | 73 | 7 |
Мергендер
Футболшы | Карьера | Гол | Матч | |
---|---|---|---|---|
1 | Никос Анастопулос | 1977—1988 | 29 | 74 |
2 | Ангелос Харистеас | 2001—2011 | 25 | 88 |
3 | Теофанис Гекас | 2005—2014 | 24 | 78 |
4 | Димитрис Саравакос | 1982—1994 | 22 | 78 |
5 | Димитрис Папаиоанну | 1963—1978 | 21 | 61 |
6 | Никос Махлас | 1993—2002 | 18 | 61 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.