Жиһаз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жиһаз (Мебель). Пайдаланылу мақсатына қарай ол қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Пәтерді жиһаздағанда жиһаз отбасы қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтатындай болуы керек. Жиһаздар:
- тұрақты жиналмайтын;
- тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;
- әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше Жиһаз секцияларынан тұратын,
- бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық Жиһаз түрлеріне бөлінеді.
Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын-таяныштар. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті Жиһаз ор түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз етеді. Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып, көлденең орналастырылатын шкафтар, шкаф-қалқалар, құрастырмалы үстелдер, кереуеттер және т.б. жатады. Ауыстырмалы жиһаздың құралмасы бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл түріне кресло-кереует, диван-кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел-тумба, қайырмалы қақпағы бар, ысырмалы тумбаны таяньпп ететін секретер және сервант-үстел, т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрі пайдалануға қолайлы, өйткені бөлмедегі Жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді. Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты тақташалардан, үйеңкіден, т.б.) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз-қатпарлы пластиктерді және т.б. пайдаланады. Жұмсақ Жиһаз үшін созылмалы таспа: кеуек материал, пенополиуретан, табиғи не синтетикалық маталар, жасанды былғары және т.б. қолданылады.[1]