Иван Васильевич Панфилов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иван Васильевич Панфилов (1 қантар 1893 жыл, Ресей, Саратов облысы Петровск қаласы – 19 қараша 1941 жыл, Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусеново ауылы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (12.4.1942)[1]. Бірінші-дүниежүзілік соғысқа, 1918 – 1920 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.[2]
- 1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.
- 1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,
- 1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.
- 1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.
- 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.
Иван Васильевич Панфилов | |
Генерал-майор Иван Панфилов кеңес маркасында, 1963 жыл | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Петровск, Саратов губерниясы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет | |
Әскер түрі | |
Қызмет еткен жылдары | |
Атағы |
Фельдфебель |
Әскери бөлімі |
16-шы әскер |
Шайқасы |
Бірінші дүниежүзілік соғыс |
Алматы облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматыда оның атында бір көше, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған.[3]