From Wikipedia, the free encyclopedia
Какао бұршақтары — какаоның жемістеріндегі дәндер, әр жемісте 30-50 шақты дән болады.
Олардан какао майы мен какао ұнтағы, ал кейін шоколад дайындалады.
Ағаш жәшіктерге салынған бұршақтар үстінен банан жапырақтарымен жабылып, ашық жерде бірнеше күнге қойылады. Жеміс жұмсағындағы ферменттер мен күн сәулесінің өсері және ашытқы микрофлорасы ферменттік-микробиологиялық ашыту процесін 3-6 күн жүргізеді. Бұршақтардың температурасы 50° С- қа дейін көтеріледі. Ашытудың нәтижесінде бұршақ жұмсағындағы қантты заттар спирт пен көміртек диоксидіне айналады. Ферменттеу кезінде какао бұршақтары өнбейтін болады, қабығы жылдам алынады. Бұршақтардың түсі қоңырланады. Ферменттеуден кейін бұршақтар кептіріледі.
Какао бұршақтарынан шоколадты және майлы глазурь, сұйық какао (тартылған какао), какао ұнтағы және ұнталған какаовелла алынады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.