Кар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кар, цирк, қалқанды орындық(нем. Kar) — қазіргі немесе байырғы мұз басу дамыған атырапта тау беткейінің жоғары бөлігінде түзілген тостаған тәрізді табиғи ұңғыма. Кардың беткейлері оның арқасы сияқты тік, кейде құламалы жартасты, түбі жайпақтала иілген болады. Кардың сыртқы шетінде шоңғалдар жиі кездеседі.[1]
Нивальдық климат жағдайында кішігірім мұздықтар мен қардың экзарациялық әрекеттерінің және аяздық үгілулердің нәтижесінде пайда болады. Кейбір карда тұрақты карлық мұздықтар немесе сұрқарлар жиынтығы, басқаларында карлардың маусымдық жиынтығы болады.