![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5f/Philomachus_pugnax_-Diergaarde_Blijdorp-8c.jpg/640px-Philomachus_pugnax_-Diergaarde_Blijdorp-8c.jpg&w=640&q=50)
Күжіркей
From Wikipedia, the free encyclopedia
Күжіркей(лат. Philomachus pugnax) – татреңтәрізділер отрядына жататын құс. Қазақстанда Жайық өзенінің орта бойындағы далада, ал түлеу кезінде Маңғыстау тауларында, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің төменгі жағында, Балқаш – Алакөл, Зайсан қазаншұңқырларында кездеседі. Дене тұрқы 25 см-дей. Арқасы сарғылт, қара қоңыр, төсі сұр, бауыры ақ. Аяғы жазғытұрым сары не сарғылт, күзде қоңыр түсті. Күжіркейдің қораздарының мойнында жазғытұрым қара, ақ, сарғыш реңді жаға тәрізді ұзын қауырсындары болады. Жыл құсы. Полигам. Өзен, көл маңындағы шөпті, ылғалды жерлерге маусымда ұялап, 4 жұмыртқа басады. Негізгі қорегі жәндіктер мен олардың дернәсілдері, сондай-ақ бидай мен арпаның дәндерін де жейді. Күжіркейдің еті дәмді, бірақ кәсіптік маңызы жоқ. Әуесқойлықпен көп ауланады.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f5/Ruff_%28Philomachus_pugnax%29_near_Hodal_W_IMG_6498.jpg/640px-Ruff_%28Philomachus_pugnax%29_near_Hodal_W_IMG_6498.jpg)
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2a/Calidris_pugnax_pugnax_MHNT.ZOO.2010.11.117.6.jpg/640px-Calidris_pugnax_pugnax_MHNT.ZOO.2010.11.117.6.jpg)
Күжіркей | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Қораздар
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Philomachus pugnax (Линней, 1758) | ||||||||||||||
![]() Жазда ұялайтын
Жыл бойы Ұяламайтын |