Көктамыр (немесе вена) — қанды организм мүшелер жүйелерінен жүрекке алып келетін ірі қан тамыры. Түтікше мүше ретінде венаның қабырғасы үш қабықтан тұрады: ішкі қабығы — интима, ортаңғы қабығы — медиа және сыртқы қабығы — адвентиция. Интиманың ішкі бетін жұқа жалаң қабат - эндотелий астарлайды. Эндотелийдің астындағы шекаралас жатқан — эңдотелийасты қабатын жіңішке талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Бұл қабатта эластин талшықтарының торы және жетілмеген пішіні жұлдыз тәрізді жас жасушалар болады. Зақымдалған эндотелиоциттер жұлдызша жасушалардың есебінен қалпына келеді. Бұл қабаттың аморфты заты гликозамингликандарға бай. Көкгамырдың интимасында ішкі эластинді жарғақ қабаты болмайды.

Thumb
Көктамырдың денеде орналасу схемасы

Медианы бірыңғай салалы ет ұлпасы құрайды. Венаның сыртқы адвентиция қабығы қоректендіргіш тамырларға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Медиа қабығының болу-болмауына байланысты вена: етті және етсіз көктамырлар болып екіге бөлінеді. Етті немесе миотипті көктамырларға аяқ пен қолдың, жануарлардың бас және мойын веналары жатады. Ал етсіз көктамырлардың қабырғалары тек эндотелий және эндотелийасты қабаттарынан тұрады. Бұларға мидың, көздің тамырлы қабығының, сүйектердің, көкбауыр перделіктерінің, бауыр бөлікшелерінің орталық көктамырлары жатады. Етсіз көкгамырларды фибротипті көктамырлар деп атайды.[1]

Майда көктамыр

Майда көктамыр - ең кішкентай көктамырлар; қылтамырлардың қосылуынан түзіледі. Майда көктамырлар қосылып ірі көктамырлар түзеді.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.