Көкшетау Халықаралық Әуежайы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көкшетау Халықаралық Әуежайы (IATA: KOV, ICAO: UACK) (ағылш. Kokshetau International Airport) — Қазақстан Республикасының Ақмола облысындағы Көкшетау қаласының халықаралық әуежайы. 1945 жылы салынған. Ол Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта, Ақкөл ауылы мен А-13 автожолының арасында орналасқан. 2018 жылы әуежай 21,427 жолаушыға қызмет көрсеткен (2017 жылмен салыстырғанда 2.7%-тік кему) және осы көрсеткіш бойынша қазақстандық әуежайлар арасында жолаушылар ағыны бойынша 17-ші орынды иеленді.
IATA: KOV (КОВ) – ICAO: UACK – LID: КЧТ—WMO: 28879
| |||
---|---|---|---|
Қысқаша мәлімет | |||
Әуежай түрі | Азаматтық | ||
Операторы | ҚТЖ «Airport Management Group» | ||
Қызмет көрсетеді | Көкшетау | ||
Орналасқан орны | Көкшетаудан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта орналасқан, Ақмола облысы, Қазақстан | ||
Тасымалдаушы Хабы | ● Көкшетау Әуекомпаниясы (жабылды) | ||
Теңіз деңгейінен биіктігі | 274 м / 899 ф | ||
Координаттар | 53°19′10″ с. е. 69°35′25″ ш. б.53.31944° с. е. 69.59028° ш. б. / 53.31944; 69.59028 (G) (O) (Я) | ||
Ұшып-қону жолақтары | |||
Жолақ бағыты | Ұзындығы | Айдыны | |
m | ft | ||
02/20 | 2,850 | 9,350 | Асфальт |
Статистикасы(2018) | |||
Жолаушылар | 21 427 адам | ||
Source: AIP Kazakhstan[1] |
Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы (IATA) тағайындаған Көкшетау әуежайының үш әріптік коды KOV болып табылады, себебі Көкшетау бұрын Кокчетав деп аталды. "Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайы" акционерлік қоғамының құрылымымен басқарылады.[2] Көкшетау қаласының әуежайында "SCAT" АҚ-ның Ақтау қаласына (Маңғыстау облысы) тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс, Шымкент қаласына тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс және "Qazaq Air" АҚ-ның Алматы қаласына аптасына 3 рет рейстері орындалады.