Лингва франка
From Wikipedia, the free encyclopedia
Лингва франка (итал. lingua franca – «франк тілі») - бұл шектеулі әлеуметтік салаларда әр түрлі тілде сөйлеушілер арасында пайдаланылатын тілдердің шартты атауы. Термин бастапқыда нақтылы тілді білдірген, ол құрама тіл болып, оның негізін француздың прованс және итальяндық лексика құраған. Христиан жорықтары дәуірінде бұл тіл аса маңызды болған. Сол кезеңде лингва франкаға испан, грек, араб және түрік тілдерінен сөздер енген, оны «сабыр» деп атаған және ол XIX ғасырға дейін пайдаланылған. Әлеуметтік лингвистика саласында лингва франка ұғымы кез келген этникааралық ауызекі қатынаста пайдаланылатын тіл ретінде қолданылады. Мысалы, Африкада хауса және бамана тілдері, ал Еуропада пиджин тілдері пайда болған.[1]
Тарихта лингва франка термині алғаш рет кезінде жерорта аймағында пайдаланылған аралас тілді айқындау үшін қолданылған болатын. Бұл атау арабтың lisan al-ifrang терминінің италияндық аудармасы, араб тіліндегі атауы өз кезегінде сонау крест жорықтары кезеңінен қалған. Ол кезде арабтар барлық батыс еуропалықтарды франктар деп атаған; роман тілдерін де олар франк тілдері деп атаған.[2]