Локальді желі (Локальная сеть; LAN - local area network, жергілікті желі деп те жазылады). Шағын аумақты қамтитын (мекеме, кәсіпорын) және нысандар арасында сәйкесінше қысқа (500 метрден артық емес) байланыс желілерін пайдаланатын мәліметтерді тарату желісі.

Локальді желі пайдаланушылардың жұмыс орындарын және периферийлі құрылғыларды бір желінің басқарылуымен жұмыс істейтін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді. Қысқа арақашықтықтар мәліметтерді жоғары жылдамдықта (100 Мбит/с) таратып жеткізуді және нақты уақыт режіміндегі қызметтердің кең жиынын ұсынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-448-6


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.