Максим Фадеевич Рыльский
From Wikipedia, the free encyclopedia
Максим Рыльский Фадеевич (19 наурыз 1895, Киев - 24 шілде 1964, Киев) - украин совет ақыны, ғалым, қоғам қайраткері.
Максим Фадеевич Рыльский | |
Максим Тадейович Рильський | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Азаматтығы |
Украина |
Ғылыми аясы |
Максим Рыльский Фадеевич
КСРО ғылым академиясының және УССР ғылым академиясының академигі. 1943 жылдан КОКП мүшесі. Киев университетінің тариx-филология факультетінде оқыды.
Еңбек жолы
Шығармалары 1907 жылдан бастап жарияланды. Оның алғашқы жинағы - "Ақаралдарда" Рыльскийдің шын мәніндегі дарыны қазан төңкерілісінен кейін танылды. "Күзгіжұлдыз астында" , "Көгілдір жиек" , "Он үшінші көктем ", "Дыбыс және жаңғырық" т.б. жинақтары жарияланды. Оның "Киев", "Жаз" т.б. жинақтары патриотизм, xалықтар достығы тақырыбына жазылды. Ұлы Отан соғысы жылдары "Туған жер үшін", "Отан-ана туралы сөз", "Таң алдындағы арай". "Қасиетті қару т.б. жинақтары жарияланған.
Рыльскийдің "Көпірлер" , "Туыстық" , "Біздің күшіміз" , "Раушандар мен жүзім", "Алыстағы аспап аялары", "Тырналар тобы", "Қысқы жазбалар" т. б. еңбектері бар. А. Мицкевичтің "Пан Тадеуш" поэмасын аударғаны үшін КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.[1]
Дереккөздер
- Қазақ совет энцеклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |