Мекленбург-Алдыңғы Померания
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мекленбу́рг- Алдыңғы Помера́ния (нем. Mecklenburg-Vorpommern) — Германия жері. Астанасы — Шверин. Тарихи Мекленбург және Шығыс - Алдыңғы Померания облыстары бар.
Бұл федералды ел географиялық факторларға және тарихи даму жағынан екі миллионға жуық халқымен Германиядағы халық санының аздығы бойынша алдыңғы қатарды иемденеді. Ұзақ уақыттар бойы бұл жерлер славян тайпалары орын тепкен.
Бірнеше жүзжылдықтар бойы славян елдері помещик меншігіндегі жер иелігінде басымдылық көрсеткенмен, бұл жерлер мемлекеттік территория ретінде қарастырылмады, алайда колония ретінде қарастырылып отырды. Бұл жағдай шаруашылық жағдайының және оның дамуы жағынан халық көпшілігінің қызығушылығын төмендетті. XIX ғасырдың басында крепостық заң болған, ал билік помещиктер қолында болған - юнкерлер, көне феодал мұрагерлеріне. Бисмарк :
« Егер мен о дүние есігін ашпақ болсам, Мекленбургке кетуді жөн көремін, себебі бұл жерде барлық оқиға жүз жылдан кейін болады.».
Бірінші дүниежүзілік соғыстан бұрын Мекленбург XVIII ғасырдың заңдылықтары сақталған Германиядағы жалғыз аумақ болып есептелді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Қызыл Армиядан безген миллиондаған қашқындар қоныс тепкенде бұл жердің экономикасы құлдырай түсті. ГДР-ң кезінде жаңа өнеркәсіптер және жұмыс пайда бола бастады.