From Wikipedia, the free encyclopedia
Мысық немесе үй мысығы (лат. Felis catus) — Мысықтәрізділердің биологиялық түрі, типпен бірдей кең таралған үй жануары[1][2][3][4].
Мысық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Мысық әртүрлі тұқымдарының алтысы
| ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Үй жануары
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Felis catus Карл Линней, 1758 | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Felis silvestris catus (subjective synonym) |
Асыранды мысықтың арғы тегі ливиялық мысық болып саналады, оны Африка тұрғындары бұдан 5 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Қолға үйретілген басқа жануарларға қарағанда мысық арғы тегінен онша өзгере қоймаған, сондықтан мысықтың қолтұқымдары көп емес. Мысықтың денесінен бас, мойын, тұлға, құйрық, алдыңғы және артқы аяқтарды ажыратуға болады. Аяқтары тұлғасынан екі жаққа тарбимай, тұлғаны тік көтеріп тұрады.
Дене ұзындығы 46-191 см , құйрығы 15-91 см. Құйымшағы шоқтығынан жоғары. Тырнақтары тартылған (Суматра мысығынан басқаларында).
Еркектері мауығу кезінде қатты таласып, ұрысып, шулайды.
Кейбір түрлері жылына 2 рет тұқым береді. Марғаулары (3-4 ұялас балалары болады) дәрменсіз, соқыр туады. Жыртқыштар ұсақ омыртқалылармен, балықпен қоректенеді. [5]
Мысықтың басында екі құлақ қалқаны көрінеді. Бұл - оған тән ерекшелік. Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр мұрыннан екі танау тесіктері көзге түседі.
Мысық - өте саққұлақ жыртқыш. Қорегін аулағанда дыбысын сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді және аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.