Ливия

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ливия
Remove ads

Ливия (араб.: ليبيا‎), ресми атауы Ливия мемлекеті (араб.: دولة ليبيا‎) — Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,76 млн. км². Халқы 5,4 млн. адам. Негiзгi халқы – арабтар мен берберлер (97%), сонымен қатар гректер, түрiктер, италиялықтар, үндiлер, т.б. да мекендейдi. Астанасы – Триполи қаласы. Дiнi – исламның сүннит бағыты. Мемлекеттік тiлi – араб тiлi. Iрi қалалары мен порттары: Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка. Конституциясы бойынша жоғары атқарушы орган қызметiн Жоғарғы Халықтық комитет атқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы – жалпыға бiрдей Халықтық Конгресс. Ұлттық мейрамы – 1 қыркүйек (1969) – Төңкерiс күнi. 1955 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше. Ақша бiрлiгi – ливиялық динар.

Quick facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...
Thumb
Ливия Премьер-Министрі Али Зейдан

Ливияның жер бедерi, негiзiнен, үстiрттi келген құмды тасты жазық. Шығысында Ливия шөлi жатыр. Климаты тропиктiк. Солтүстігіне субтропиктiк климат тән. Жерорта теңізі жағалауының жазы ыстық, қысы жұмсақ. Қаңтардың орташа температурасы 11 – 18°С, шiлдеде 27 – 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм. Кейбiр аудандарында бiрнеше жыл қатарынан жаңбыр жаумайды.

Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7-ғасырларда қазiргi Ливияның батысында финикиялық қала-мемлекеттер, ал шығысында грек колониялары пайда болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 5-ғасырда Ливияны Карфаген, кейiннен римдiктер жаулап алды. 533 ж. Византия империясының құрамына ендi. 643 ж. Араб халифатына қосылды. Ливия XVI-XIX ғасырларда Осман империясының құрамында болды. 1911 – 12 ж. Италия-түрiк соғысының нәтижесiнде Ливия Италия билiгiне өттi. 1934 ж. Ливия ресми түрде Италияның отары болып жарияланды. 2-дүниежүзілік соғыс кезiнде Ливиядағы немiс, италия әскерлерiнің жеңiлiсiнен кейiн (1943) елдi француз, ағылшын әскерлерi басып алды. 1949 ж. қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ливияға тәуелсiздiк беру туралы шешiм қабылдады. 1950 ж. Ұлттық Құрылтай жиналысы Ливия Конституциясын бекiттi. 1951 ж. 24 желтоқсанда Ливия Бiрiккен Тәуелсiз Корольдiгi жарияланды. 1969 ж. 1-қыркүйекте Ливияда Муаммар Каддафи бастаған әскери төңкерiс болды. Төңкерiсшiлер елдi Ливия Араб Республикасы деп жариялады. 1977 жылдың 3 наурызынан бастап мемлекет Ливия Араб Социалистiк Халықтық Жамаһириясы болып аталады. Қазақстан мен Ливия арасында 1992 ж. дипломатиялық қатынас орнады. Ливия экономикасының негiзiн мұнай өнеркәсiбi құрайды. Мұнай өндiрудің көлемi жөнiнен Ливия Африкада 6-орынды иеленедi. Ауыл шаруашылығы төменгi дәрежеде дамыған. Дәндi дақылдар, құрма ағаштары өсiрiледi. Мұнай және мұнай өнiмдерiн экспорттап, азық-түлiк пен өнеркәсiп тауарларын шеттен әкеледі.[4]

Remove ads

Сөз төркіні

Біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдықта. e. қазіргі Ливия аумағында және оның батысында әртүрлі бербер тайпалары қоныстанған. Кейінірек Киренаикада тайпалардың бірінде саяси одақ Либу құрылды (Ребу нұсқасы), содан кейін бұл жер де, гректерге белгілі бүкіл Африка да кейінірек «Ливия» атауын алды, керісінше ішкі терра инкогнита, ол Геродот заманынан бастап «Эфиопия» деп аталды. Алайда, ХХ ғасырдың басына дейін. Ливия топонимі белгілі бір аумақта қолданылмаған. Ол 1911 жылы ғана Солтүстік Африкадағы итальяндық колонияның атауы (итальяндық: Libia italiana) ретінде қайта енгізілді. Ливия 1951 жылы тәуелсіздік алды.

Remove ads

Ливия басшылары

  • Идрис I (24.12.1951 - 01.09.1969)
  • Муаммар Каддафи (01.09.1969 - 20.10.2011)
  • Мустафа Мухаммад Абд-аль-Жалиль (05.03.2011- 08.08.2012)
  • Мохаммед Али Салим (08.08.2012 - 09.08.2012)
  • Мухаммед аль-Макриф (09.08.2012 - 28.05.2013)
  • Juma Ahmad Atigha (28.05.2013 - қазіргі күн)

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads