From Wikipedia, the free encyclopedia
Жуковский Николай Егорович (17.1.1847, Ресей, Владимир облысы, Орехово ауылы – 17.3. 1921, Мәскеу) – орыс ғалымы, қазіргі аэродинамиканың негізін салушы, Санкт-Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1894), Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1917). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1868). 1874 жылдан Мәскеу жоғары техника училищесінде және онымен қатар 1885 жылдан Мәскеу мемлекеттік университетінде сабақ берді. Жуковский авиация теориясы, қатты дене механикасы, астрономия, математика, гидродинамика, гидравлика, қолданбалы механика, машиналар мен механизмдерді реттеу теориясы, т.б. салалар бойынша зерттеулер жүргізген. Ресейдің Орталық аэрогидродинамикалық институтын ұйымдастырып (1918), оның жетекшісі болды. Жуковский өзінің есімімен аталатын теореманы дәлелдеді (қ. Жуковский теоремасы). Жуковскийдің ғылыми еңбектері жоғары бағаланып, “Орыс авиациясының атасы” аталды.
Шығармалар.: Полн. собр. соч., т. 1 – 9, М. – Л., 1935 – 37; Собр. соч., т. 1 – 7, М. – Л., 1948 – 50; Теоретическая механика, 2 изд., М. – Л., 1952.[1]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.