Ноғай тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ноғай тілі (ноғайша ногай тили) — Ресей Федерациясының Дағыстан, Қарашай-Шеркес Республикалары және Ставрополь өлкесінде тұратын ноғайлардың тілі. Түркі тілдерінің Қыпшақ тобына жатады. Ноғай тілдерінде сөлейтіндер саны 2002 жылғы санақ бойынша 90000 адам. Үш диалектісі бар: ноғай (Ставрополь өлкесі), ақноғай (Қарашай-Шеркес Республикасы), қараноғай (Дағыстан республикасы). Жазуы кириллицаға негізделген. Ноғай тіліне жақын тілдер қазақ тілі мен қарақалпақ тілі. ТМД елдерінде, атап айтқанда, Қазақстанда, Украинада (Қырым Автаномиялық Республикасы) бірнеше мың ноғай өмір сүреді. Ноғайлар ТМД мен РФ-дан өзге шетелдерге, мысалы Румынияда (Добруджа, 30 мың адамға жуық), Болгарияда (5 мыңға жуық), сондай-ақ Түркияда (2 млн-ға жуық) өмір сүреді. Сондай-ақ ноғайлар Польша, Литва және Еуропаның бірқатар елдерінде де аз емес. Түркия мен Румынияда XVII-XIX ғасырларда қоныс аударған ноғайлардың ұрпақтары өмір сүруде, олар, негізінен, қоршаған түркі тектес тұрғындардың, яғни түріктер мен румын татарларының этникалық ұқсастығын қабылдағанымен, өздерінің ноғайлық шығу тегін де ұмытпаған. Ноғайлардың ұрпақтары қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, татар, әсіресе башқұрттар мен қырым татарлары арасына сіңіп кеткен. 2010 жылғы санақ бойынша, Ресейдегі ноғай тілінде сөйлейтіндердің саны 88,3 мың адамды құрайды. 2014 жылы Түркияда бірінші Ноғайша роман шығарылған және ол латын әліпбиінде жазылған еді (Akşa Nenem).[3]
Ноғай Ногъай тили, Ноғай тілі | ||
---|---|---|
Сөйлеу орны: | Ресей, Қазақстан, Түркия, АҚШ | |
Аумағы: | Дағыстан, Ставрополь өлкесі, Карашай-Шеркес Республикасы, Астрахан облысы | |
Барлық сөйлеушілері: | 88 328 (2010) [1] | |
Тіл ұясы: | Түркі Қыпшақ Қыпшақ-Ноғай Ноғай | |
Ресми күйі | ||
Ресми күйі бар жері: | Дағыстан, Қарашай-Шеркес Республикасы, Румыния
(танылған азшылық тілі) [2] | |
Реттеушісі: | ресми реттелуі жоқ | |
Тіл белгілері | ||
ISO 639-1: | ешқандай | |
ISO 639-2: | nog | |
ISO 639-3: | nog
| |
Құлақтандыру: Бұл бетте IPA фонетикалық юникод нышандары болуы мүмкін. |
Ноғай тілінің 3 диалектісі бар: ақ ноғай, ноғай және қара ноғай. Фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктері қазақ және қарақалпақ тілдеріне өте жақын. Жазуы 1924-1928 жж. дейін араб, латын хатында болған. 1938 ж. бастап орыс графикасына көшірілген.[4]