Қарақалпақ тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарақалпақ тілі (Қарақалпақ тили, Qaraqalpaq tili) — Қарақалпақстан Республикасында тұратын қарақалпақ халқының ана тілі, түркі тілдерінің бірі. Қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай бұтағына жатады. Қарақалпақстанда тұратын қарақалпақтардың мемлекеттік тілі және Өзбекстанның Хорезм, Ферғана облысы, Түрікменстанның Ташауыз облысы, Ресейдің Астрахан облысы мен Ауғанстан аумағында мекендейтін қарақалпақтар осы тілде сөйлейді. Қарақалпақ тілі — Қарақалпақстан Республикасының қорғауында әрі тіл туралы арнаулы заң бекітілген. Заңға сәйкес, қарақалпақ тілінің Қарақалпақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік тіл ретінде қолданылуына құқықтық негіз белгіленген. Қарақалпақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуі — республика аумағында тұратын халықтардың өз ана тілін қолдануда олардың конституциялық құқықтарын шектемейді. Бұл заң, жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, әскери бөлімдерде, діни және дәстүрлік ғұрып-әдеттерді белгілеуде тілдердің қолданылуын қатаң бір тәртіпке салып тастамайды.
Қарақалпақ тіліне ноғай тілі мен қазақ тілі аса жақын.
Қарақалпақ тілі | |
Өз атауы: |
Qaraqalpaq tili, Қарақалпақ тілі |
---|---|
Елдер: | |
Аймақтар: | |
Ресми күйі: | |
Сөйлеушілер саны: |
412 000 (1993) адам |
Классификация | |
Санаты: | |
Алтай тілдері (даулы)
| |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
кал 275 |
ISO 639-1: |
— |
ISO 639-2: |
kaa |
ISO 639-3: |
kaa |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |