Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
AСЕАН (ағылш. The Association of Southeast Asian Nations — Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) — Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым.
Оңтүстік-Шығыс Азия Мемлекеттерінің қауымдастығы | |
Мүшелік: |
Бруней |
---|---|
Әкімшілік орталық: | |
Ресми тілі: | |
Құрылуы | |
Бангкок декларациясы |
8 тамыз 1967 жыл |
АСЕАН Жарғысы |
16 желтоқсан 2008 жыл |
Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы Ортаққорда |
1967 ж. тамыздың 8 Индонезия, Малайзия, Филиппин, Сингапур және Тайланд негізін қалаған.
Ұйым мақсаты — экономикалық өсуді, әлеуметтік, мәдени дамуды жаңғырту, аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету.
Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы, Assocіatіon of South East Natіons, ASEAN (АСЕАН) – халықаралық ұйым. 1967 жылы 8 тамызда Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппиндер мемлекеттері құрған. Кейін ұйымның құрамына Бруней (1984), Вьетнам (1995), Лаос және Мьянма (1997), Камбоджа (1999) кірді. АСЕАН құрылғаннан бастап саяси ынтымақтастық саласында келісімдер жасауға баса көңіл бөлді. АСЕАН елдерінің алғашқы екі кездесуі (1976 және 1977) осы ұйым қызметінің принциптерін жария етіп, адам ресурстарын дамыту, кедейшілік пен сауатсыздықты жою, есірткі саудасына жол бермеу, т.б. салада ынтымақтастықты кеңейтуге арналды. Ұйымға мүше елдер Оңтүстік-Шығыс Азияда еркін сауда аймағын құруға талпыныстар жасап, арнайы келісімшарттарға отырды.[2]