![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b6/%25D0%2590%25D1%2580%25D1%2585%25D0%25B8%25D0%25BC%25D0%25B0%25D0%25BD%25D0%25B4%25D1%2580%25D0%25B8%25D1%2582_%25D0%259F%25D0%25B0%25D0%25BB%25D0%25BB%25D0%25B0%25D0%25B4%25D0%25B8%25D0%25B9.jpg/640px-%25D0%2590%25D1%2580%25D1%2585%25D0%25B8%25D0%25BC%25D0%25B0%25D0%25BD%25D0%25B4%25D1%2580%25D0%25B8%25D1%2582_%25D0%259F%25D0%25B0%25D0%25BB%25D0%25BB%25D0%25B0%25D0%25B4%25D0%25B8%25D0%25B9.jpg&w=640&q=50)
Петр Иванович Кафаров
From Wikipedia, the free encyclopedia
Петр Иванович Кафаров[1] (монахтық есімі – Палладий) (29.9.1817 – 18.12.1878) – орыс шығыстанушысы.
- Қазан семинариясы мен Санкт-Петербургтің діни академиясында оқыған.
- 1840 жылы діни миссия құрамында Пекинге жіберіліп, сонда ара-кідік үзілістермен 38 жыл тұрды.
- Ғылыми зерттеулері Қытайдың, Моңғолияның ежелгі заманғы және орта ғасырлардағы тарихын, маньчжурлардың, қидандардың, тағы басқа көшпелі тайпалардың тарихын зерттеуге арналған.
- “Шыңғыс хан туралы ертедегі моңғол аңызы”, “Даос монахы Чан Чунның Батысқа саяхаты” (1866), “Шыңғыс хан туралы ертедегі қытай аңызы” (1877) атты қытай тіліндегі жазбаларды орыс тіліне аударды. Бұл еңбектер – кезінде жоғары бағаланды.
- Моңғолия арқылы Қытайға жасаған саяхаты, Пекинде болған кезінде жазған күнделіктері бұл елдердің тарихы мен географиясы туралы құнды деректер берді.
- Ол құрастырған “Қытай-орыс сөздігі” (1 – 2 бөл., 1888, өлгеннен кейін шәкірті П.С. Попов аяқтады) мәнді ғылыми еңбек болып бағаланды
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b6/%D0%90%D1%80%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B8%D1%82_%D0%9F%D0%B0%D0%BB%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%B9.jpg/640px-%D0%90%D1%80%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B8%D1%82_%D0%9F%D0%B0%D0%BB%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%B9.jpg)
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |