Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі.
Таңдаулы мақала
Қалалық пейзаж — суреттің басты тақырыбы қала көшелері мен ғимараттары болатын бейнелеу өнерінің жанры.
Бастапқыда қалалық пейзаж табиғи ландшафт сияқты суреттің бір бөлігі - фон ретінде ғана қолданылып, тәуелсіз жанр түрінде қарастырылмады. Пейзаждарпортреттердің немесе библиялық тақырыптағы суреттердің композициясын толықтырды, тіпті итальяндықтар ойлап тапқан перспективалық кескін жүйесі бүкіл Еуропаға таралғанда да, Ренессанс кезінде қалалық пейзаждар әлі де «терезеден қарағанда көрінетін кескіндер» рөлінде қалды. Жалпы, жанрдың дамуына көбінен майлы кескіндеме техникасының ойлап табылуы және перспектива геометриясына суретшілердің назарының артқаны ықпал етті.
Кинематограф грек тілінен алынған сөз тіркесі: kinematoc – қозғалыс, grapho - бейнелеу, жазу, тұтас алғанда «қозғалысты бейнелеу» деген мағынаны береді.