Португалия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Португалия (порт. Portugal, [puɾtuˈɣaɫ], миранд Pertual), ресми Португалия Республикасы (порт. República Portuguesa, миранд República Pertuesa) — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен шектеседі, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10 276 617 адам. Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды.
Quick Facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...
Португалия Республикасы порт. República Portuguesa | |||||
| |||||
Әнұран: «A Portuguesa» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 5 қазан 1143 жыл (Леон Патшалығынан ретінде Португалия Корольдігі) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Португал тілі, миранд тілі (аймақтық тіл) | ||||
Елорда | Лиссабон | ||||
Ірі қалалары | Лиссабон, Порту | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Марселу Ребелу ди Соза Антониу Кошта | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 109-шы орын 92 212[1] км² 0,5 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
10 276 617[2] адам (88-ші) 10 562 178[3] адам 111 адам/км² (97-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
345,572 млрд.[4] $ (47-ші) 33,665[4] $ (43-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
236,408 млрд.[4] $ (52-ші) 23,031[4] $ (36-шы) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,850[5] (өте жоғары) (40-шы) | ||||
Этнохороним | португалдар, португалдық | ||||
Валютасы | Еуро | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .pt .eu | ||||
ISO коды | PT | ||||
ХОК коды | POR | ||||
Телефон коды | +351 | ||||
Уақыт белдеулері | +0, +1 жазда |
Close