Райграс (лат. Arrhenatherum) – астық тұқымдасына жататын мал азықтық шөп. Екі туысқа жататын үш түрі бар. Биік Райграстың (Arrhenatherum) гүлі масақ, биікт. 80-160 см. Тамыры тереңге кететіндіктен қуаңшылыққа төзімді. Еуропада, Солт. Африкада, Азияда кездеседі. КСРО-ның Еуропа бөлігінде, Орта Азияда шалғындықта, таулы жерде тараған. Құнарлы саздақ және шым топырақта жақсы өседі. Биік Райграстың гүлдеген кезде шабылған пішені – жылқы мен сиырға құнарлы азық. Райграс араласқан шөптің әр гектарынан 40-60 ц пішен жиналады. 100 кг пішенде 46,7 азық өлшемі және 3,4 кг қортылатын протеин болады. Биік Райграстың көк шөбінің ащы дәмі болатындықтан малға астық және бұршақ тұқымдас шөппен араластырыпбереді. Шабындық Райграстың (Lolium perenne) биікт. 15-20 см-ден 60-70 см-ге дейін,сабағы жапырақты, гүлі масақ. Шабындық Райграс Кіші Азияда, Иран, Солт. Америкада тараған. Ұлы Британияда Райграс – көп жылдық шабындықта өсетін негізгі өсімдік. КСРО–да Кавказда, Бат. Сібірде, Орта Азияның таулы аймағында таралған. Құрғақшылыққа, суыққа төзімді. Малдың барлық түлігіне жақсы жемшөп. 100 кг пішенде 48,2 азық өлшемі және 4 кг қорытылатын протеин бар. Бір гектарынан 50-70 ц пішен жиналады.
Райграс | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Биік райграс
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
300 түрі белгілі |
М.Қаратаев. Қазақ совет энцеклопедиясы. 7 том
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.