Регби
From Wikipedia, the free encyclopedia
Регби (ағылш. Rugby — Ұлыбританиядағы қала атынан шыққан) — Англияда XIX ғасырда пайда болған, регби-футбол спорт түріне жататын командалық ойын. Регби ойыны қазіргі танда үлкен атаққа ие регбилинг және регби-7 атты ойындарды ойлап табуда үлкен роль атқарған. Сонымен қоса осы ойынның кейбір ережелері америкалық және австралиялық футболдың ережелеріне қосылған. Регби ойыны 15 адамнан тұратын екі қарсылас команданың жарысына тенеледі.