From Wikipedia, the free encyclopedia
Сан Марино Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Сан-Мариноның намысын қорғайтын құрама. Еуропадағы аутсайдерлер құрамалардың бірі. ФИФА және УЕФА мүшесі. ФИФА рейтингінде 204 орында (18 қаңтар, 2018)[1].
Сан-Марино Ұлттық футбол құрамасы | |||
Конфедерация | |||
---|---|---|---|
Федерация |
Сан-Марино Футбол Федерациясы | ||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Дамьяно Ваннучч 69 | ||
Үздік бомбардир | |||
Үй стадионы |
Олимпиада стадионы, Серравалле | ||
| |||
Бірінші ойын | |||
Ең ірі жеңіс | |||
Сан-Марино 1:0 Лихтенштейн | |||
Ең ірі жеңіліс | |||
Сан-Марино футбол федерациясы 1931 жылы құрылса да, 1986 жылға дейін ешқандай ұйымға тіркелмеді. Сол үшін де 1986 жылға дейінгі жолдастық кездесулері ФИФА қаттамаларына тіркелген жоқ. Халықаралық деңгейдегі ресми ойынын 1990 жылы 14 қараша күні Швейцария құрамасымен өткізіп, 0:4 есебімен ұтылып қалды. Бұл ойын - 1992 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі еді. Бұдан кейін де құрама 7 ойынның бәрінде ұтылып, бір ғана гол соға алды. Ол тарихи голдың авторы - Валдес Пазолини.
1994 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде құрама алғашқы ресми ұпайды олжалады. 1993 жылы 10 наурызда Түркиямен 0:0 есебімен тең ойнады.
Осы циклдің ең соңғы кездесуінде сан-маринолық Давид Гвалтери әлем чемпионаттарының іріктеулері тарихындағы ең жылдам голды соқты: ойынының не-бары 8,3 секундында Англия қақпасын дәл көздеді.
Сан-Марино — Лихтенштейн футбол матчы (1994) (ағыл. San Marino v Liechtenstein) — 1994 жылы 28 сәуірде Серревале қаласындағы Олимпиада стадионында өткен жолдастық кездесу. Сан-Марино құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл — Сан-Марино құрамасының тарихтағы тұңғыш жеңісі.
2024 жылы 5 қыркүйекте араға 20 жыл 4 ай салып, тағы сол Лихтенштейнді ұтты, бұл жолы ресми ойында (УЕФА ұлттар лигасы 2024/25).
28 сәуір 2004 |
|
Олимпиада стадионы Көрермендер саны: 200 Төреші: Лорен Саммут |
||||||
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.