Сербия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сербия (серб. Ср̀бија), ресми Сербия Республикасы (серб. Репу̀блика Ср̀бија) — Еуропадағы Балқан түбегінде орналасқан ел. Халқы-8, 698 млн. адам.
Сербия Республикасы серб. Република Србија | |||||
| |||||
Ұран: «Само слога Србина спасава» | |||||
Әнұран: «Боже правде (Құдайым оңы)» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 13 шілде 1878 жылы Сербия Княздігі (Осман империясынан) 5 маусым 2006 жылы (Сербия мен Черногориядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | серб тілі | ||||
Елорда | Белград | ||||
Ірі қалалары | Белград, Нови-Сад, Ниш, Приштина, Крагуевац | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Скупщина төрағасы |
Александр Вучич Ана Брнабич Майя Гойкович | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 111-ші орын 88 407[1] км² | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
▼ 6 963 764 (Косовоны есептегенде)[2] адам (105-ші) 89 адам/км² (95-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2020) • Жан басына шаққанда |
▲ 137,294 млрд.[3] $ (75-ші) ▲ 19,792 (Косовоны есептегенде)[3] $ (67-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2020) • Жан басына шаққанда |
▲ 56,886 млрд.[3] $ (81-ші) ▲ 8,200 (Косовоны есептегенде)[3] $ (76-шы) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,799[4] (жоғары) (63-ші) | ||||
Валютасы | динар | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .rs | ||||
ISO коды | RS | ||||
ХОК коды | SRB | ||||
Телефон коды | +381 | ||||
Уақыт белдеулері | +1, жазда +2 |
Сербия Конституциясына сәйкес оның құрамына екі автономиялық провинция кіреді Воеводина, сонымен қатар Косово және Метохия. 1999 жылдан бастап Косово БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1244 қарарына сәйкес БҰҰ-ның протекторатында болды және Сербия билігінің бақылауында емес. Албандар көпшілігін құрайтын уақытша жергілікті өзін-өзі басқару институттары 2008 жылы 17 ақпанда провинцияның тәуелсіздігін біржақты тәртіпте жариялады, оны БҰҰ-ға мүше 97 мемлекет мойындады.
Сербия солтүстігінде Мажарстанда, солтүстік-шығыста Румыниямен, шығыста Болгариямен, оңтүстігінде Солтүстік Македониямен, оңтүстік-батыста Албания және Черногориямен, батыста Хорватия және Босния және Герцеговинамен шектеседі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Сербия Сербтер, Хорваттар және Словендер Корольдігінің негізін қалаушы болды, кейінірек Югославия Корольдігінің құрамына кірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Сербия Югославия Социалистік Федеративтік Республикасының құрамындағы мемлекет болды. 1992 жылы Сербия мен Черногория Югославия Федеративтік Республикасының тең құрылтайшылары болды, ол билік ауысқаннан кейін Сербия мен Черногория конфедералдық мемлекеттік одағына айналды. 2006 жылы Черногория Сербиядан бөліну туралы референдум өткізіп, нәтижесінде ол одан шықты. Сербия жеке толыққанды мемлекет болды.