Косово
From Wikipedia, the free encyclopedia
Косово Республикасы (алб. Republika e Kosovës, серб. Република Косово / Republika Kosovo) — Югославия ыдырауының соңғы оқиғасында Сербиядан бөлініп шыққан ел.
Косово Республикасы алб. Republika e Kosovës серб. Република Косово / Republika Kosovo | |||||
| |||||
Әнұран: «Еуропа» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Құрылған уақыты | 22 қыркүйек 1991 жыл | ||||
Тәуелсіздігін жариялады | 17 ақпан 2008 жыл | ||||
Дипломатиялық мойындау | жартылай | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ресми тілдері | албан және серб тілдері | ||||
Елорда | Приштина | ||||
Ірі қалалары | Приштина, Печ, Призрен | ||||
Үкімет түрі | парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Хашим Тачи Рамуш Харадинай | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 166-шы орын 10 887 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Тығыздығы |
▲ 1 907 592[1] адам (155-ші) 176 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ • Қорытынды (2016) • Жан басына шаққанда |
▲ 6,604 млрд.[2] $ 3661 $ | ||||
Валютасы | еуро | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
ISO коды | XK және | ||||
ХОК коды | KOS | ||||
Телефон коды | +383 | ||||
Уақыт белдеулері | +1 / +2 |
17 ақпан күні Балқан түбегіндегі бар-жоғы 2 миллионға жуық халқы бар Косовоның «үй ішінен үй тігіп», өз тәуелсіздігін жариялап жіберуі — әлемдік қауымдастықты әрі-сәрі күйге түсіріп, бітіспес екі-үш жікке бөліп тастады. АҚШ бастаған Батыс елдері кішкентай Косовоның тілеуін тілеп жатса, Ресей мен Қытай секілді сепаратизмді әрең ауыздықтап отырған алып елдердің ұйқысы қашты. Әліптің артын бағып отырған елдер және бар. Шынында, Косово тәуелсіздігі — халықаралық қауіпсіздік үшін дабыл қағарлық жағдай болып тұр. Көптің көкейінде «Косово оқиғасы болашақта әлемді қайта бөлуге әкеп соқтырып жүрмей ме?» деген үрей басым. Өйткені Косовоның ар жағында бүкіл әлемде 200-ден астам тәуелсіздігі танылмаған елдердің тағдыры талқыға түскелі тұр. Тәуелсіздігі талқыға түскен Косово әлемді тағы да тығырыққа тірегендей.
Югославиядан бөлінгеннен кейінгі Косово:
Аумағы — 10 887 шаршы шақырым
Халқы — 2 миллион, соның ішінде албандар 90 пайыздан астам
Астанасы — Приштина
ЖІӨ — 1,77 миллиард фунт