From Wikipedia, the free encyclopedia
Сызба геометрия – геометрияның кеңістіктегі фигураларды жазықтық бетінде кескіндерін салу арқылы зерттейтін саласы.
Кескінді салу фигураны проекциялау жазықтығына параллель және центрлік проекциялау көмегімен жүзеге асады. Ол үшін түзулер байламы пайдаланылады. Түзулер байламының көмегімен фигураның нүктесіне сәйкес оның проекциясы деп аталатын кескіннің нүктесі анықталады (қараңыз Проекциялау). Түзудің кескінін алу үшін оның екі нүктесінің проекциясын тауып, оларды түзу сызықпен қосады. Сондай-ақ жазықтық үшін жалпы жағдайда орналасқан үш, ал сфера үшін төрт нүктенің проекциясын салу жеткілікті. Бірақ бір проекциядан тұратын кескін фигураны толықтай анықтай алмайды, яғни кескін қайтымсыз болады. Нүктенің тік бұрышты проекциясынан тұратын кескіні қайтымды болуы үшін оның проекциялау жазықтығынан ара қашықтығы көрсетіледі. Сонда география мен геологияда кең тараған сандық белгілері бар проекциялар шығады.
Сызба геометрияның бұдан басқа перспектива, аксонометрия және кешенді сызба деп аталатын бөлімдері бар.
Сызба геометрия машинaларды, құрылыстарды, технологиялық және экономикалық үрдістерді қағаз бетінде кескіндеуге, осындай кескіндерді түсінуде (оқуға) және кескіндерді пайдаланып ғылыми немесе кәсіби маңызды мәселелерді шешуде қолданылады. Сызба геометрия қисықтар мен беттерді зерттейді және оларды құрастырып жасау алгоритмдерін тұжырымдайды.
Сызба геометрияның алғашқы оқулығын француз ғалымы Г.Монж (1746 – 1818) жазды. Қазақстанда Сызба геометрияның дамуына Н.Ф. Четверухиннің (1891 – 1973) “Кескіндердің позициялық толықтығы және метрикалық анықтылығы” (1942) атты еңбегі өз үлесін қосты. XX ғасырдың аяғында Сызба геометриядан “Есептеуіш геометрия” мен “Компьютерлік графика” деп аталып кеткен геометрияның жаңа салалары бөлініп шықты.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.