Сұрқандария облысы
Өзбекстан облыстарының бірі / From Wikipedia, the free encyclopedia
Сұрқандария облысы (уәлаяты, өзб. Surxondaryo viloyati, Сурхондарё вилояти, орыс. Сурхандарьинская область, парсы: سرخاندریا) — Өзбекстанның ең оңтүстігіндегі облысы.[2] Әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы — Термез қаласы, екінші ең ірі қаласы — Денау.
Облыс | |
Сұрқандария облысы | |
өзб. Surxondaryo viloyati | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Кіреді | |
Облыс хокимі (әкімі) |
Тора (Тура) Боболов |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты |
6 наурыз 1941 |
Жер аумағы |
20,800 км² (5 орын) |
Биіктігі · Орташа |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
2 771 100[1] адам (2022)(8 орын) |
Тығыздығы |
118 адам/км² (9 орын) |
Сандық идентификаторлары | |
Аббревиатура |
UZ-SU |
Автомобиль коды |
19 (бұрынғы формат), 75 |
1941 жылы құрылған Сұрқандария облысы Өзбекстанның Қашқадария облысымен, Түрікменстан, Тәжікстан және Ауғанстан мемлекеттерімен шектеседі. Атауын Сұрқандария өзенінен алды.
Табиғи ресурстарға мұнай, табиғи газ және көмір жатады. Жеңіл өнеркәсіп, негізінен мақта тазалау және тамақ өңдеу саласы да облыс экономикасының маңызды салалары болып табылады.