From Wikipedia, the free encyclopedia
Телікөл – Қызылорда облысы Сырдария және Шиелі аудандары жеріндегі көл. Дариялықтақыр жазығы мен Ащыкөл ойысы аралығында, теңіз деңгейінен 128 м биіктікте жатыр.
Телікөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 128 м |
Өлшемі | 2,8 × 1,1 км |
Ауданы | 8,0 км² |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 81,0 мың км² |
Орналасуы | |
45°12′36″ с. е. 66°34′42″ ш. б.45.21000° с. е. 66.57833° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қызылорда облысы |
Аудандар | Сырдария ауданы, Шиелі ауданы |
Көлдің ауданы 8,0 км2, ұзындығы 2,8 км, ені 1,1 км. Су жинайтын алабының аумағы 81,0 мың км2.
Жағалауы жайпақ және ашық. Батыс жағалауының біраз бөлігін қамыс, құрақ басқан. Түбі тегіс, саз балшықты, тұнбалы. Көл қазаншұңқырын өзімен аттас қоныс қоршап жатыр. Шығысындағы Ащыкөл сазды-батпақты ойысқа және Телікөлге кейбір жылдары Сарысу өзені құяды. Сырдариядан Телікөл (Шиелі-Телікөл) каналы тартылған. Көл жағалауы шабындық және жайылым.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.