![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/4c/Szeged-tisza3.jpg/640px-Szeged-tisza3.jpg&w=640&q=50)
Тиса
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тиса, Тисса (мажар. Tіsza, румын. Tіsa) – Украина, Румыния, Словакия, Мажарстан және Сербия жеріндегі өзен. Дунайдың ең үлкен (сол) және суы мол саласы. Ұзындығы 966 км, су жиналатын алабы 157 мың км². Шығыс Карпаттағы Ақ және Қара Тиса бастауларынан басталып, Орта Дунай жазығымен ағады.
Quick Facts Тиса, Сипаттамасы ...
Тиса | |
---|---|
![]() Тиса өзені Венгрияның Сегед қаласы тұсында | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 966 км |
Су алабының ауданы |
157 мың км² |
Су ағысы | |
Бастауы | Ақ және Қара Тиса бастаулары |
• Координаттары | 48°04′29″ с. е. 24°14′40″ ш. б.48.07472° с. е. 24.24444° ш. б. / 48.07472; 24.24444 (G) (O) (Я) (T) |
Сағасы | Дунай |
• Координаттары | 45°08′09″ с. е. 20°16′20″ ш. б.45.13583° с. е. 20.27222° ш. б. / 45.13583; 20.27222 (G) (O) (Я) (T) |
Орналасуы | |
Ел | Украина, Румыния, Словакия, Венгрия және Сербия |
Close
Басты салалары: Самош, Кереш, Марош. Қар және жаңбыр суымен толығады, көктемде тасиды. Орташа су ағымы 810 м3/с. Қыста 2 – 3 ай қатады. Жер суаруға пайдаланылады. Бойында СЭС бар. Жағалауында Сольнок, Сегед қалалары (Мажарстан) орналасқан. [1]