Тобиас Альбертине Мауриц Алдервейрелд (нид. Tobias Albertine Maurits Alderweireld, оқылуы [ˈtoːbi ˈɑldərˌweːrəlt]; 1989 жылы 2 наурызда туған, Вилрейк, Антверпен) — бельгиялық футболшы, «Әл-Духайль» футбол клубы мен Бельгия құрама командасының орталық қорғаушысы.
Тоби Алдервейрелд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Тобиас Альбертине Мауриц Алдервейрелд (нид. Tobias Albertine Mauritz Alderweireld) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
187 см | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
90 кг | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
орталық қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері |
4 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Марапаттары мен медальдары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Амстердамдық «Аякс» академиясының тәлімгері. Аяксидтер сапында 2008 жылы ойнай бастады. Нидерландыда орталық қорғаушы, фуллбэк позициясында өнер көрсетті, үш мәрте чемпиондық титулды иемденді, 2010 жылы кубокты жеңіп алды. 2013 жылы «Атлетико Мадрид» сапына ауысты. Әлем біріншілігінен соң «Саутгемптонға» жалға берілді. Бір маусымнан соң, «Тоттенхэмге» көшіп, Лондонда біраз жыл өткізді. 2021 жылдан бастап «Әл-Духайль» сапында доп тебеді.
Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Тоби Алдервейрелд Бельгияның Антверпен қаласы, Вилрейк ауданында, 1989 жылы 2 наурызда дүниеге келген. Оның отбасы Экерен теміржол стансасының маңында өмір сүрген[1]. Соның маңайында футбол стадионы орналасқан болатын. Алдервейрелдтің сөзінше, футболмен 5 жасынан бастап айналыса бастаған[1]. 1999 жылы «Жерминаль Экерен» клубы атауын «Жерминаль Беерсхот» деп өзгертіп, қайта құрылған соң, «Жерминаль Беерсхот» клубы амстердамдық «Аякспен» балалар және жасөспірімдер футболын дамыту мақсатында келісім жасады. «Жерминаль Беерсхот» клубы Ян Вертонгенді, Томас Вермаленді және Том Де Мюлді «Аяксқа» жіберді.
Тобидың ата-анасы ұлдарының футболмен айналысуына қарсы болды, бірақ оның атасы Мауриц Бёйле немересін қолдады[1]. Оның атасы сол кезде «Жерминаль» клубының делегаты еді. Алдервейрелдтің «Аякс» сапында ойнау мүмкіндігі болғанда, ата-анасы бұл шешіміне қарсы болды[2]. Тобидың Брюссельде полиция инспекторы болып жұмыс істейтін ағасы Стив ата-анасын көндірді[2].
2004 жылы, 15 жасында Тоби Алдервейрелд Амстердамға көшіп келеді[2]. Сенбі күндері ол жасөспірімдер командасындағы матчтарға қатысатын, дәл сол күні оның әкесі Тобиды үйіне апарып тұратын еді. Ал, келесі күні Тоби қайтадан Амстердамға қайтатын[2]. 2007/08 маусымда Алдервейрелд «Аякстың» жастар академиясына алынды. 2007 жылдың ақпан айында ол 2010 жылы 30 маусымға дейінгі кәсіби келісім шартқа қол қойды[3].
2008/09 маусымның ортасында «Аякстың» бас бапкері Марко ван Бастен 19 жасар Тоби Алдервейрелдті негізгі құрамға қосады. 2009 жылдың қаңтар айындағы Португалиядағы оқу-жаттығу жиындарына бельгиялықты алып барады[4]. Оның «Аякс» сапындағы дебюттік матчы 2009 жылдың 18 қаңтарында НЕК клубына қарсы өтті. Сол ойында Тоби алаңға екінші таймда Миралем Сулейманидің орнына шыққан еді. Ойыншы алмасуының себебі, «Аякстың» екінші шабуылшысы Дарио Цвитаничтің қызыл қағаз алуы болатын. Сондықтан да, бапкерге команданың қорғанысын күшейтуге тура келді.
Сол матчта «Аякс» НИК клубын 4:2 есебімен жеңді[5].
Алдервейрелд 2009 жылы 26 ақпанда УЕФА кубогындағы дебюттік ойынын итальяндық «Фиорентинаға» қарсы өткізді, Тоби алаңға 92-минутта шабуылшы Миралем Сулейманидің орнына шығады. Ойын 1:1 есебімен аяқталды, және «Аякс» 1/8 финалға жолдама алды. 1/8 финалда франциялық «Марсельмен» кездесті. Францияда өткен алғашқы матчта амстердамдықтар 2:1 есебімен жеңіліс тапса[6], екінші ойында 2:2 есебімен тең түседі[7].
Өзінің дебюттік маусымында Голландия чемпионатында Алдервейрелд 5 матч өткізеді[8], маусым соңында «Аякс» чемпионатта үшінші орын алады. 2009 жылдың 22 шілдесінде ол «Аякспен» келісім шартын 2014 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады[9].
Маусымның басында негізгі құрамда ойнай бастайды. Командаласы Томас Вермален «Арсеналға» ауысқан соң, Ян Вертонгенмен бірге орталық қорғаныста жұп құрайды. Бірнеше керемет матч өткізгеннен кейін Мартин Йол өз шешімін өзгертпейді. 4 қыркүйек күні «Хераклеске» қарсы матчта чемпионаттаға дебюттік голын салды, ойын 3:0 есебімен аяқталды. 27 қаңтар күні НЕК клубына гол салып, матчты овертаймға дейін жеткізді. Ойынның аяқталуына бес минут қалғанда Сим де Йонг шешуші голды салды, матч 3:2 есебімен «Аякстың» пайдасына шешілді. Маусым қорытындыса бойынша, командасының жыл таланты атанды.
УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде «Сан Сиро» стадионында «Миланға» қарсы ойында 15 метр қашықтықтан гол салып, есепті 2:0 жеткізеді. Біраз күндер өткен соң, «Фейеноорд» қақпасына да гол соғады.
Маусымаралық үзіліс кезінде өзінің ойынын және қорғаныстағы әріптесі Ян Вертонгенмен түсіністігін жақсартты. Екінші тур аясында өткен «Херенвен» клубына қарсы матчта өзінің керемет голымен көзге түседі.
5 тамыз күні Суперкубоктық матчта ПСВ қақпасына 44 минутта голдың авторы атанады, ойын Эйндховендік клубтың пайдасына 4:2 есебімен шешіледі.
Алдервейрелд үшінші мәрте Нидерланды чемпионы атанады. Оның есебінде үш гол: екеуі — чемпионатта («Твенте» мен «Зволле» қақпасына) және біреуі — Еуропа Лигасында («Стяуаға» қарсы ойында). Чемпиондар Лигасында «Реал Мадридпен», «Манчестер Ситимен» және «Боруссия Дортмундпен» бір топқа түседі. Топта үшінші орын алып Еуропа Лигасына жолдама алады. Ол турнирде румындарға қарсы жауапты матчта 2:4 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтайды.
Клубпен келісімшартының аяқталуына бір жыл қалғанда, Тоби оны ұзартуды жөн көрмеді.
2013 жылдың тамыз айында Алдервейрелдке біраз клубтар қызығушылық танытады: «Тоттенхэм Хотспур»[10], «Эвертон»[11], «Ливерпуль»[12], «Арсенал», мәскеулік «Спартак»[13], «Атлетико Мадрид»[14]. Ол «Атлетико Мадридке» ауысуға шешім қабылдайды. 31 тамыз күні Тоби медтексерістен өткен соң[15], «Атлетико Мадридпен» төрт жылдық келісім шартқа қол қояды. Бельгиялық прессаның хабарлауынша, трансфер құны 5 млн мен 7 млн еуро арасында болды. Трансфер ресми түрде 2 қыркүйек күні жарияланды[16][17]. Жаңа клубта Тоби 12 номерді алады. Бірақ, «матрасшылар» сапында бельгиялық негізгі құрамға ене алмады, оның дебюті 20 қазан күні «Эспаньолға» қарсы матч болды, ол алаңға негізгі құрамда шығып, толық матч ойнады, ойын 0:1 есебімен «Эспаньолдың» пайдасына шешілді. Чемпиондық маусымында бар болғаны 12 ойын өткізді, еншісінде «Малага» қақпасына салған жалғыз гол. 2014 жылғы Чемпиондар Лигасының финалының 83-минутында әріптесі Филипе Луисты алмастырды. Экстратаймға жалғасқан матчта Атлетико бітіспес қарсыласы «Реал Мадридке» 1:4 есебімен жеңіліп, күміс жүлдемен шектелді.
Диего Симеоненің сеніміне кіре алмаған Алдервейрелд ағылшындық «Саутгемптонге» сатып алу құқығымен бір маусымға жалға берілді. Маусымның басынан-ақ негізгі құрамға ене бастады. 13 қыркүйек күні дебюттік матчын «Ньюкасл Юнайтедке» қарсы өткізіп, 4:0 есебімен ойсырата жеңді. 26 желтоқсанда Джеймс Уорд-Проуздың бұрыштама пасынан баспен өзінің дебюттік голын соқты.
Маусым соңында «Саутгемптон» футболшыны толыққанды сатып алуға дайын болатын[18], бірақ «Атлетико Мадрид» «Тоттенхэммен» келісімге келіп қойған еді[19][20]. Алдервейрелд лондондық клубпен 2020 жылға дейінгі келісім шартқа қол қойды. Трансфер құны £11,5 млн құрады.
2015 жылдың 8 шілдесінде Алдервейрелд «Тоттенхэммен»[21] 5 жылдық келісімшарт жасасты. Жаңа клубында Аякстағы Кристиан Эриксен, Ян Вертонген сынды бұрынғы әріптестерімен қайта қауышты.
Шілденің 30-ында Алдервейрелд Денверде өткен МЛС жұлдыздарына қарсы ойында дебюттік матчын өткізді. Ол ойында 62-ші минутта Федерико Фасионы алмастырған болатын.[22]
«Тоттенхэм» үшін алғашқы голын қыркүйектің 26-сы күні «Манчестер Сити» қақпасына соқты. Араға екі ай салып, қарашаның 22-сі күні «Вест Хэм Юнайтед» қақпасына бағыттан соққысы нәтижелі болды. 2016 жылдың наурыздың 5-інде солтүстіклондондық дербиде Тоби таблодағы есепті теңестірген болатын. Бір айдан соң, «Манчестер Юнайтедке» салған добы есепті еселеді.
Ағылшын Премьер-лигасындағы дебюттік маусымында Тоби Алдервейрелд өзін лигадағы ең үздік қорғаушылардың бірі ретінде таныта білді.[23][24][25] Бұл нәтижеге маусым басындағы қорғаныстағы әріптесі Ян Вертонген, кейіннен Кевин Виммер оң әсер етті.[26][27][28] Бұл қорғаушылардың арқасында «Тоттенхэм» 38 матчта небәрі 35 гол жіберіп, бұл көрсеткіш бойынша лига үздігі деп танылды[29]. Маусым қорытындысы бойынша Алдервейрелд ПФА нұсқасы бойынша «жыл командасы» құрамына ілікті[30].
Маусымның басын әдеттегідей негізгі құрамда өткізіп келе жатқанда, 15 қазан күні «Вест Бромвич Альбионмен» ойында жарақат алып, қатардан шығып қалды. Араға екі ай салып, мәскеулік ЦСКАға қарсы Чемпиондар Лигасы матчында қосалқы құрамнан ойынға қосылды. 21 мамырда Халл Сити қақпасына Тоттенхэмнің сол маусымдағы соңғы голын соқты. Тоби Тоттенхэмнің Премьер-лига тарихындағы жеке рекордына себепкер болды: команда 38 турда небәрі 26 гол өткізіп алды (оның 9-ы үйдегі ойындарда соғылған).
2017 жылдың 1 қарашасында Реал Мадридке қарсы Чемпиондар Лигасының кезекті ойынында Тоби Алдервейрелд тақым сіңірін қатты жарақаттап алды. Бірнеше ай саптан шығып қалған ол, командаға 5 қаңтар күнгі Ньюпортқа қарсы кубоктық ойында алаңға оралды[31]. Араға екі апта салып, ескі жарақаты қайта маза бере бастады. Өзінің сәтсіз маусымын Тоби бар-жоғы 21 матчпен аяқтады.
2009 жылдың мамыр айында Бельгия құрамасының бас бапкері Рене Вандерейкен Алдервейрелдті Жапонияда өткен Кирин кубогына қатысу үшін ұлттық құрамаға алды. Тобидің құрама сапындағы дебюті 29 мамыр күні Чилиге қарсы ойын болды, ойын 1:1 есебімен аяқталды[32][33]. Екінші ойында Бельгия Жапониядан 4:0 есебімен жеңілді[34].
2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі бірнеше ойынға шақырылды, бірақ қосалқы құрамда қалды.
2014 жылы мамырда Алдервейрелд 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатына шақырылды. Ол турнирдегі барлық бес кездесуде, соның ішінде Аргентинаға қарсы ширек финал ойынында алаңнан көрінді. Бельгия минималды есеппен қарсыласына жол беріп, турнирден қалыс қалды.
2016 жылы мамырда Алдервейрелд Еуро-2016-ға шақырылды. Турнирде командасының барлық бес кездесуінде алаңға шықты, оның үшеуі топтық кезеңде Италия, Ирландия және Швеция құрамаларына қарсы, екеуі плей-офф кезеңінде өтті. Мажарстан құрамасына қарсы 1/8 финалдық кездесуде Алдервейрелд өз командасының алғашқы голын 10-минутта соқты, ал 1/4 финалда Уэльс құрамасына қарсы ойында Бельгия жеңіске жете алмады, қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Тоби 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатына да қатысты. 5 кездесу өткізді: екеуі топтық кезеңде, үшеуі плей-оффта болды, бұл оның командасына Англияға қарсы үшінші орын үшін матчқа қатысуға мүмкіндік берді. Матч 2:0 есебімен Бельгия пайдасына шешілді, Алдервейрелд командасымен бірге қола жүлдегер атанды.
Командалық жетістіктері
Жеке жетістіктері
Клуб | Маусым | Лига | Кубок | Еурокубок | Басқа | Жиыны | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дивизион | Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | ||
Аякс | 2008/09 | Эредивизие | 5 | 0 | 0 | 0 | 3 | 0 | 0 | 0 | 8 | 0 |
2009/10 | Эредивизие | 31 | 2 | 6 | 1 | 8 | 0 | 0 | 0 | 45 | 3 | |
2010/11 | Эредивизие | 26 | 2 | 4 | 0 | 12 | 3 | 1[a] | 0 | 43 | 5 | |
2011/12 | Эредивизие | 29 | 1 | 3 | 0 | 7 | 1 | 1[a] | 1 | 40 | 3 | |
2012/13 | Эредивизие | 33 | 2 | 3 | 0 | 8 | 1 | 1[a] | 1 | 45 | 4 | |
2013/14 | Эредивизие | 4 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 1[a] | 0 | 5 | 0 | |
Жиыны | 128 | 7 | 16 | 1 | 38 | 5 | 4 | 2 | 186 | 15 | ||
Атлетико Мадрид | 2013/14 | Ла Лига | 12 | 1 | 6 | 1 | 4 | 0 | 0 | 0 | 22 | 2 |
Саутгемптон (жалда) | 2014/15 | Премьер Лига | 26 | 1 | 2 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 28 | 1 |
Тоттенхэм Хотспур | 2015/16 | Премьер Лига | 38 | 4 | 1 | 0 | 16 | 0 | 0 | 0 | 55 | 4 |
2016/17 | Премьер Лига | 30 | 1 | 4 | 0 | 5 | 1 | 0 | 0 | 39 | 2 | |
2017/18 | Премьер Лига | 14 | 0 | 2 | 0 | 5 | 0 | 1[b] | 0 | 22 | 0 | |
2018/19 | Премьер Лига | 34 | 0 | 0 | 0 | 12 | 0 | 4[b] | 0 | 50 | 0 | |
2019/20 | Премьер Лига | 33 | 2 | 3 | 0 | 6 | 0 | 0 | 0 | 42 | 2 | |
2020/21 | Премьер Лига | 25 | 1 | 3 | 0 | 5 | 0 | 2[b] | 0 | 35 | 1 | |
Жиыны | 174 | 8 | 13 | 0 | 49 | 1 | 7 | 0 | 243 | 9 | ||
Әл-Духаиль | 2021/22 | Қатар Жұлдыздар Лигасы | 20 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 20 | 0 |
Бүкіл мансабы | 360 | 17 | 37 | 2 | 91 | 6 | 11 | 2 | 499 | 27 |
Ұлттық құрама | Жыл | Ойын | Гол |
---|---|---|---|
Бельгия | 2009 | 4 | 0 |
2010 | 6 | 0 | |
2011 | 5 | 0 | |
2012 | 5 | 0 | |
2013 | 11 | 1 | |
2014 | 13 | 0 | |
2015 | 9 | 0 | |
2016 | 12 | 2 | |
2017 | 8 | 0 | |
2018 | 15 | 0 | |
2019 | 10 | 2 | |
2020 | 6 | 0 | |
2021 | 14 | 0 | |
Жиыны | 118 | 5 |
Күн | Стадион | Қарсылас | Есеп | Нәтиже | Сайыс | |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 19 қараша 2013 | Патша Бодуэн стадионы, Брюссель, Бельгия | Жапония | 2–3 | 2–3 | Жолдастық кездесу |
2 | 26 маусым 2016 | Тулуза стадионы, Тулуза, Франция | Мажарстан | 1–0 | 4–0 | УЕФА Еуро 2016 |
3 | 7 қазан 2016 | Патша Бодуэн стадионы, Брюссель, Бельгия | Босния мен Герцеговина | 3–0 | Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігі (іріктеу турнирі) | |
4 | 9 қыркүйек 2019 | Хэмпден Парк, Глазго, Шотландия | Шотландия | 3–0 | 4–0 | Футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігі (іріктеу турнирі) |
5 | 10 қазан 2019 | Патша Бодуэн стадионы, Брюссель, Бельгия | Сан Марино | 5–0 | 9–0 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.