Электр тогы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Электр тогы – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.
Зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде — электрондар, электролиттерде — иондар (катиондар мен аниондар), газда — иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде — электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.
Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты тасымалдау үшін қолданылады.