Украин Кеңестік Социалистік Республикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Украин Кеңестік Социалистік Республикасы (укр. Українська Радянська Соціалістична Республіка), Украин КСР, УкрКСР немесе Кеңестік Украина — 1919 жылы пайда болған, 1922 жылдан 1991 жылға дейін КСРО құрамында болған кеңестік республика. КСРО құрылуына қатысқан 4 республикаларының бірі.
Украин Кеңестік Социалистік Республикасы орыс. Украинская Советская Социалистическая Республика укр. Українска Радянська Соціалістична Республіка | ||||
Байрағы (1949-1992) | Елтаңбасы (1950-1992) | |||
| ||||
---|---|---|---|---|
Ұраны: Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер! | ||||
Әнұраны | Интернационал (Украин тілінде) Украин КСР Мемлекеттік әнұраны | |||
Елордасы | Харьков (1919-1934) Киев (1934-1991) | |||
Құрылды | 10 мамыр 1919 | |||
КСРО құрамында:
|
| |||
Ауданы
|
| |||
Ресми тілдері | орыс тілі, украин тілі | |||
Халқы
|
| |||
Уақыт белдеуі | +2 | |||
Медальдары |
Украин-Кеңес соғысының барысында большевиктер жеңгенде, Украина Халық Республикасы жойылды да, РКФСР құрамында оның ізбасары Украина Халық Кеңестер Республикасы құрылды. Кейінірек оның орнына Украин КСР пайда болады да, 1922 жылы ол, Белорус КСР, Күнгей Кавказ СФКР мен РКФСР КСРО құру келісіміне қол қойды. 1991 жылы КСРО құлағанда, Украин КСР орнына қазіргі Украина құрылды.
Өзінің 72-жылдық тарихында Украин КСР шекарасы өзгере берген: қазіргі Батыс Украинаның көбісі негізінен 1939 жылы Польшадан алынған болатын, және 1945 жылы Карпаттық Рутения жері Чехословакиядан алынған болатын. 1919 жылы УкрКСР пайда болғаннан 1934 жылға дейін Харьков оның астанасы еді, бұдан кейін ол тарихи елордасы Киевке ауыстырылды.
Кеңес Одағының бірпартиялық болғандығынан, республиканы КОКП-ның бөлімшесі Украина Коммунистік партиясы басқарды.